Алматыда өнер жұлдыздары арасынан кімдер вакцина салғызды?

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаппай вакцинация басталғаннан кейін қаладағы арнайы егу пункттері мен ауруханаларына екпе алуға қазақстандық танымал адамдары келіп жатыр.

Бүгін «Алматы» сауда және ойын сауық орталығындағы егу пунктінде (Назарбаев даңғылы) коронавирусқа қарсы вакцинаны тележүргізуші, продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, бизнесмен Тұрсенғали Алагөзов салғызды. Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram-парақшасында хабарлады. Ол Live режимінде «Алматы» СОО аумағында егу науқаны қалай өтіп жатқанын түсірген.

Өте ыңғайлы орын. Біз вакцинацияға келдік. Қазір Тұрсенғали Тұрымұлы тамақтанып алды, дәрігердің сұрақтарына жауап беріп жатыр. Міне қан қысымын өлшеді. Енді біз вакцинацияланамыз, дәлірек айтсам, мен емес, ол. Мүмкін, мен де алатын шығармын, — дейді Баян Алагөзова.

Біраз уақыт бұрын вакцинациядан Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаеваның отбасы да өткен еді.

Роза Рымбаева мен оның үлкен ұлы, әнші Әли Оқаповтың вакцина салдырғаны туралы әлеуметтік желідегі жазбадан білуге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Keruen Medicus Шарипова (@keruen_sharipova)

Әли Оқапов 7 сәуір күні Instagram-парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазды.

Вакцина салғыздым. Өзімді жақсы сезінемін. Бұл — тегін. «Спутник V», — деп жазды ол.

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов вакцина алған күні әнші Диас Аблаев сонымен бірге модель, әнші Ержан Мұхатаев та екпе салдырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Алматы әкімдігі енді әншілер көрермендермен шынайы кездесуге дайын екенін хабарлады.

Бүгінде еліміздің барлық танымал адамы жаппай вакцинацияның аяқталуын және әдеттегі өмір салтына, сахнадағы қойылымдарға, гастрольдік турларға оралу үшін ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын күтеді, – делінген хабарламада.

Жақында коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандық актер Жан Байжанбаев әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдарға вакцинация салдыру туралы ойлануы керек деп санайды. Ол «Спутник V» вакцинасына сенім артқанын сұхбатында айтты.

Мен Қазақстанда вакцина пайда болған кезде оны міндетті түрде жасататынымды білдім. Өкінішке қарай, мен 20 жыл бойы өкпе ауруынан зардап шегіп келемін және әрине, соған қарай, мен тәуекел тобындамын. Сондықтан дереу вакцинациялану керек деген дәрігерлердің нұсқауымен келдім. Мен досыммен телефон арқылы сөйлескен кезде ол: «Жан, сенің демікпең бар ғой, саған болмайды», — деді. Мен: «Досым, мен тәуекел тобындамын, сондықтан маған вакцина алу керек», — деп жауап бердім. Өйткені, жағдай қиындап, ауру жұқтырып алсам, о дүниелік болуым да екіталай ғой. Сіздерге созылмалы ауруыңыз бар және вакцина салу мүмкін емес десе, керісінше, вакцинация жасату керек. Егер сіз балаларыңыздың, Құдай бұйырса, немерелеріңіздің қызығын көргіңіз келсе, онда вакцина салдырыңыз. Бұл өз жақындарына деген қамқорлық, — дейді отандық кинематография актері Жан Байжанбаев.

Тағы бір артист, актриса Гүлнар Досматова өзінің вакцинацияны таңдағанын айтты.

Біз көптеген ауруды вакцинацияның арқасында жеңдік. Қазір тек өзіміз үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін жауап береміз. Толыққанды өмір сүріп, үнемі бетпердемен жүрмей, жақын адамдарыңнан шеттеп қалмау үшін екпе салдыру керек. Бүкіл әлемде ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, біз ауруды жеңе алмаймыз. Бар болғаны саналы түрде ойлану керек, әлемдік тәжірибеге сүйену қажет, — деді Гүлнар Досматова.

Алматы әкімдігі қаладағы 200-ден астам егу пунктінің кез келгенінде екпе алуға болатынын еске салды. Вакцинация пунктері емханаларда, сауда және ойын сауық орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан. Күнделікті, демалыссыз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

18 жастан асқан барлық адам екпе салдыра алады. Вакцинацияның жасқа қарай шектеулері жоқ. Керісінше, вакцинаның тиімділігі дәлелденген. Ол аурудан толық қорғайды, — делінген әкімдік хабарламасында.

Коронавирс, вакцина, артист, әнші
Фото артистердің Instagram-парақшаларынан алынды

Айта кетейік, мұның алдында әнші Сәкен Майғазиевтің коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік.