27-29 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер болжамына қарағанда, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

“Қазгидромет” РМҚ мамандарының хабарлауынша, Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С  жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін, – делінген хабарламада.