Президент коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салғызды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған.

Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеуден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, — деп жазды Берік Уәли.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 сәуір күні коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған еді.