Басты бетМедицинаКоронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 36 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 36 адам қайтыс болды

27 сәуірдегі мәлімет бойынша 42 260 адам короновирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 785 пациент, амбулаторияда 27 475 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:

756 адамның жағдайы ауыр;

• 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

25 сәуірдегі мәлімет бойынша 12 жаңа дерек тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды, 55 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 52 471 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 51 290-ы аурудан айықты. 782 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 284 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.