Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» акционерлік қоғам («БКЛК ЕРА») одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер», — деді Асқар Мамин.
2020 жылы пандемияға қарамастан, «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ке артық.
Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 миллион тоннадан асты. Осы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ке өсті.
Кездесуге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.