Шымкенттің 90 жастағы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына қарағанда, дәрігерлер 90 жастағы азаматқа вакцина салмастан бұрын денсаулығын тексерген.

Дәрігерлер Қуаныш қарияға екпе салмас бұрын тексеруден өткізді. Қарсы көрсеткіштер болмаған соң «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салып берді, — делінген хабарламада.

Қуаныш Абдурахманов коронавирусқа қарсы екпеден қорықпау керегін және отбасы мүшелерінің барлығы вакцина салдырғанын айтты.

Ойлана келе, өз еркіммен COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырдым. Осылайша, біз вирусты жеңеміз. Көпшілікке айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Екпе салдыру қажет деп ойлаймын, — дейді Шымкент тұрғыны.

Коронавирус, вакцина, қария
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі қария 23 сәуірде вакцинаның бірінші компонетін салдырғанын, енді 21 күннен соң екінші компонентін қабылдауы қажет екенін хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстанда 878 067 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.