Алматы әуежайынан Өзбекстанның төрт азаматы депортацияланды

2021 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 5 126 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматының әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы;
Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы
Шымкент әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы;

Ақтау әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;
Қостанай әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы.

Сонымен қатар 2021 жылдың 24 сәуірінде Ош-Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматтары Алматы әуежайынан депортацияланды.