Ауа райы: 22-24 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

"Қазгидромет" РМҚ мамандары алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады.

Сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен бірге биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 20-22 сәуір күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суитыны хабарлаған едік.