20-22 сәуір: Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суиды

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендей береді.

Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сонымен бірге кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 17-19 сәуір күндері республиканың солтүстік жартысында ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған едік.