Басты бетМедицинаЕлімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

20 сәуірдегі мәлімет бойынша 38 997 адам короновирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 13 836 пациент, амбулаторияда 25 161 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:

663 адамның жағдайы ауыр;

• 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

18 сәуірдегі мәлімет бойынша 11 жаңа дерек тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды, 47 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 890 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 773-і аурудан айықты. 754 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 530 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.