Басты бетЖаңалықтарАтырауда әскери...

Атырауда әскери бөлім жас сарбаздармен толықты

Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар коронавирустық инфекцияға тексеріліп, карантинге оқшауланды. Бір ай ішінде әскери міндеттілер алғашқы әскери дайындық бағдарламасын меңгеретін болады.

Бөлімшеде барлық жағдайлар жасалған, казарма қоры дайындалған. Олармен жиын өткізуге арнайы әкімшілік тағайындалған. Оған тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кіреді. Олар сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп қана қоймай,  жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, – дейді рота командирі капитан Нұрбек Айтқалиев.