17-19 сәуір: Алдағы демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» РМҚ мамандары алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарға Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклон келеді. Оның әсерінен жаңбырдың соңы қарға ұласады, түнде ауа температурасының 5-12 градусқа дейін төмендейді. Сонымен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 15-17 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған едік.