Мемлекет басшысы Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; 

Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған Қайрат Нұрпейісов лауазымынан босатылды.

Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан республикасы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды;

Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.