Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус ахуалы қалай өзгерді?

Жаңа дерек Алматы (665) мен Нұр-Сұлтанда (436); Алматы (251), Қарағанды (220), Батыс Қазақстан (205), Ақтөбе (206), Атырау (110) облыстарында көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 46 251 (+665);
Нұр-Сұлтанда — 39 768 (+436);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 886 (+85);
Қарағанды облысында — 20 739 (+220);
Атырау облысында — 20 695 (+110);
Павлодар облысында — 19 831 (+50);
Алматы облысында — 18 555 (+251);
Батыс Қазақстан облысында – 17 270 (+205);
Ақмола облысында – 16 860 (+98);
Қостанай облысында — 14 395 (+30);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 614 (+35);
Шымкентте — 8 295 (+114);
Ақтөбе облысында — 7 690 (+206);
Жамбыл облысында — 7 087 (+46);
Маңғыстау облысында — 5 042 (+80);
Түркістан облысында — 4 944 (+53);
Қызылорда облысында — 4 798 (+35).

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 289 720-ға жетті, оның 248 096-сы аурудан айықты, 3 406-сы қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

17 сәуірдегі мәлімет бойынша 35 жаңа дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. 87 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 879 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды. Оның 50 726-сы аурудан айықты, 751-і қайтыс болды.