Шортанды әкімдігі: Мерт болған жігіт аударылған жүк көлігінің жүргізушісі емес

«Шансиман» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Машина алдымен қара жолдың жиегіне аударылды. Кейін оны бульдозермен шығармақ болғанда еріген қар суына толған шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза болды, — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі «Гранит+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі карьеріне қиыршақ тас алу үшін барған. Шыға берерде жол апаты болды. Карьер жұмысшылары көлікті шығарып, жүргізушіні құтқаруға тырысты.

Көз жұмған ер адам – 1994 жылғы Мақсат Данияров, Қызылорда облысының тумасы. Полиция марқұмның денесін Нұр-Сұлтанға сараптамаға жіберді.

Бектау ауылдық округінің әкімдігі мерт болған жігіт аталған жүк көлігінің жүргізушісі емес екенін мәлімдеді. Жүк көлігі аударылғаннан кейін, марқұм рөлге отырып, көлікті алып шықпақшы болған, алайда өзі көз жұмды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жүк көлігінің негізгі жүргізуші 1981 жылғы Абылайхан Мұхамеджанов. Нұр-Сұлтанда тұрады.

«Шансиман» автокөлігі астаналық «Альстрой Транс Групп» фирмасына тиесілі.

Еске салайық, мұның алдында Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі жол жиегіндегі батпаққа аударылып кеткенін, салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза болғанын хабарлаған едік.

ДереккөзSputnik.kz