Елімізде бір өңір коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты

17 сәуірде ел өңірлеріндегі эпидемиология жағдайын бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
  • «Сары» аймақта – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстары.
  • «Жасыл» аймақта – Қостанай мен Түркістан облыстары.

Еске салайық, Алматы облысы 1 сәуірде коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірген еді.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте корорнавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 37 науқас қайтыс болды.