Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта СУ-30 СМ ұшағы апатының себебі анықталып жатыр.

2021 жылдың 16 сәуірінде сағат 20.45 шамасында Балқаш авиация оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған СУ-30 СМ көпфункционал жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, — делінген хабарламада.

Ұшақ экипаж мүшелері шығарылды, ұшқыштар аман. Олардың денсаулық жағдайын медицина қызметкерлері тексеріп жатыр.

Қорғаныс министрлігі сонымен бірге оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, тура бір жыл бұрын, 2020 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды маңында Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы жауынгерлік кезекшілік атқаруға дайындық жасап жатқан кезінде апатқа ұшыраған еді.