Басты бетЖаңалықтарВладимир Путин...

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Францияның «Саяси және халықаралық қатынастар орталығының» (CFPA) басшысы Фабьен Боссар Ресей президенті Владимир Путиннің кандидатурасын Нобель сыйлығына ресми түрде ұсынды.

Саясаткердің айтуынша, ол Нобель комитетіне жіберген хатында ресейлік көшбасшы бұл марапатқа өзінің бітімгерлік талпыныстары үшін лайықты екендігін жазған.

Боссар өзге сарапшылар мен саясаткерлер оның ұсынған кандидатурасына қолдау білдіретініне үмітті. Ол кезінде АҚШ президенті Барак Обама америкалық әскерлер Иракта әлі де қалып отырған кезде Нобель сыйлығын алғанын еске салды. Осылайша, Боссардың пікірінше, Сириядағы лаңкестердің бекіністері бойынша әуесоққылар түрлі бейбіт бастамаларды көтеріп отырған ресейлік көшбасшыға нобельдік сыйлықты беруге кедергі келтірмеуі тиіс.

«Меніңше, президент Путин оған лайықты. Ол лаңкестікпен нақты күресіп отырған жалғыз адам», — деп қосып өтті ұйым басшысы.

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері бейбітшілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріліп келеді.

ДереккөзҚазАқпарат