Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Жаңа дерек әдеттегідей Алматы (657) мен Нұр-Сұлтанда (650); Алматы (220), Қарағанды (202), Батыс Қазақстан (117), Атырау (113) облыстарында, Шымкентте (111), сонымен бірге Ақтөбе облысында (109) көп тіркелді.

Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 43 556 (+657);
Нұр-Сұлтанда – 37 442 (+650);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 492 (+95);
Атырау облысында — 20 222 (+113);
Қарағанды облысында — 19 903 (+202);
Павлодар облысында — 19 666 (+45);
Алматы облысында — 17 581 (+220);
Батыс Қазақстан облысында – 16 730 (+117);
Ақмола облысында – 16 481 (+85);
Қостанай облысында — 14 279 (+28);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 449 (+26);
Шымкентте — 7 815 (+111);
Ақтөбе облысында — 7 003 (+109);
Жамбыл облысында — 6 917 (+38);
Маңғыстау облысында — 4 818 (+52);
Түркістан облысында – 4 786 (+28);
Қызылорда облысында — 4 555 (+65).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 278 695-ке жетті, оның 239 448-і аурудан айықты. 3 306 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

13 сәуірдегі мәлімет бойынша 85 жаңа дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды, 84 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 624 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды. Оның 50 388-і жазылып шықты, 741-і қайтыс болды.