Алматы мен Нұр-Сұлтанның «қызыл» аймақта тұрғанына бір ай болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

Тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары. Алматы және Нұр-Cұлтан қалалары «қызыл» аймақта бір ай бойы, Батыс Қазақстан облысы 24 күн, Атырау облысы 3 апта, Ақтөбе және Алматы облыстары 2 апта, Ақмола — 9 күн, Қарағанды – 8 күн.

Сонымен бірге орташа тәуекел аймағына («сары» аймаққа) өткен аптада 4 өңір, мәселен, бүгінде 7 өңір «сары» аймақта тұр: Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары қалды.

сәуір айында эпидемиология жағдайының нашарлауы байқалады, сәуір айының басынан бастап 29 200 жағдай тіркелді, наурыздың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өсті, тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын қоспағанда, барлық өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 60%-ы 3 өңірге – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі, — деді Марат Шоранов.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық өңірде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес қосымша шектеу шаралары қабылданып отыр.