Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

Сонымен бірге халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Егу бригадасы әрбір пунктіде бір бригадаға күнделікті жүктемені ескеріп, 300 екпеден асырмай құрылады. Бір егу бригадасының құрамына бір дәрігер, бір егу мейіргері және қажет болған жағдайда бір тіркеуші кіреді.

Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға болады.

Осы қаулы 2021 жылдың 14 сәуірі күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.