Алексей Цой қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Алексей Цой бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Құрметті достар, сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға денсаулық, береке және келісім тілеймін. Жүректеріңіз нұрға, мейірімділікке, жақсылыққа үмітпен қарауға толсын, ал игі ойларыңыз бен істеріңіз мың есе өтелсін, — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, алдағы ораза күндері мұсылмандарға рухани тазаруға, сенім мен өмірдің шынайы құндылықтарын түсінуге арналған.

Бірақ денсаулықтарыңызды ұмытпай, дәрігерлердің ұсыныстарын орындаңыз. Әсіресе созылмалы аурулары бар, иммунитеті әлсіз, қарт адамдарға кез келген асқынулардың алдын алу үшін абай болу керек. Денсаулығының нашарлауына қатысты кішкене шағымдар болған кезде, оразаны тоқтатып, медицина көмегіне жүгінген жөн. Денені қатты сусыздануға ұшыратпау және теңгерімді диетаны ұстануға тырысу маңызды, — деп жазды Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация оразаны бұзбайтынын тағы да еске салды.

Екінші жылы бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті айды пандемия жағдайында өткізеді. Бірлескен Жұма намаздары алынып тасталды, ауызашар өткізуге шектеу қойылды. Біз осы сынақтардан түсіністікпен және шыдамдылықпен өтетінімізге және туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті ережені ұстанатынымызға сенімдімін. Ниеттеріңіз қабыл болсын!, — деді министр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alexey Tsoy (@alexey_tsoy)

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 14 сәуірде басталады. Қасиетті Қадір түні мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түніне сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 13 мамырға белгіленген. Құрбан айт 20-22 шілде аралығында тойланады.

Тағы оқыңыз:

2021 жылғы ораза кестесі: ауыз бекіту және ауызашар уақыты

Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?