Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін Нұрлан Сауранбаев атқарды. Ол кеше «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.
Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылордада дүниеге келген.
2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
Сонымен бірге бұған дейін Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.