«Спутник V» вакцинасы туралы Ресей мұсылмандары діни басқармасына хат жаздық. Оң жауап алдық. Вакцина құрамында шариғатқа қарсы келетін компонент жоқ. Онда жануарлардан алынатын ешқандай компонент жоқ деуге болады. Сол себепті компоненттер харам деуге келмейді. «Спутник V» вакцинасы халал өнімге жатады деп ойлаймыз, — деді наиб мүфти.
Ершат қажы Оңғаров қазақстандық QazVac вакцинасына қатысты сұраққа да жауап берді.
Денсаулық сақтау министрлігінен қазақстандық вакцинаның және «Спутник V» вакцинасының бірнеше экземплярін зертханаларымызда талдау жүргізіп, мұқият тексеру үшін беруді өтіндік. Сол себепті қазір қазақстандық вакцина туралы ештеңе айта алмаймыз, — деді Ершат қажы Оңғаров.
Еске салайық, мұның алдында Рамазан айында «қызыл» аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар белгілі болды.
Сонымен бірге мұның алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Оның айтуынша, жасы 60-тан асқан азаматтардан ауыз бекітпестен бұрын медицина тексеруінен өтіп, дәрігер кеңесін алғаны жөн.
Тағы оқыңыз:
2021 жылғы ораза кестесі: ауыз бекіту және ауызашар уақыты
Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?