Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдап, 2017 жылы қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының салық органдарындағы қызметтерден бастады.

2000–2004 жылдары Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Осыдан кейінгі 17 жыл ішінде Қаржы министрлігінде жұмыс істеді, онда бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі мен ішкі қаржы әкімшілік департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан бастап бүгінге дейін Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.

Айта кетейік, кеше Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды. Ол өңірдің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауап береді.