Олег Крук Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын бітіріп, өнеркәсіптік жылу энергетигі мамандығын иеленді.

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарлық шеберлікті игеруден бастаған.

Университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын жылу-электр орталығында жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, кейінірек бас инженердің орынбасары қызметін атқарды.

1997 жылы Олег Крук «CCL-Energo Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алу бөлімінің бастығы болды.

1999 жылдан 2002 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясында», «Казснабцентр» ЖШС, «Казпромресурс» ЖШС және «Теплоцентр-Северный» ЖШС Павлодар филиалында қызмет етті.

2002 жылы «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды.

2006 жылы «Павлодар жылу желілері» акционерлік қоғамын басқарды.

2007 жылы Олег Крук мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды.

2008 жылы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымда төрт жылдан астам қызмет етіп, кейін кәсіпкерлікпен айналысты.

2020 жылы ол Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығына тағайындалып, онда бүгінгі күнге дейін жұмыс істеді.