Басты бетМедицина"Қарқыныңыз бәсеңдеп...

«Қарқыныңыз бәсеңдеп қалды». Президент денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады

Мемлекет басшысы бұл туралы еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиология ахуалы жөнінде кеңесте айтты.

Алексей Владимирович, дәл осы уақыт аралығында Денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі ең негізгі тұлға екенін бұған дейін сізге айтқан едім. Сіздің ерекше құзыретіңіз бар. Жұмысыңызды тәп-тәуір бастап едіңіз. Бірақ кейін қарқыныңыз айтарлықтай бәсеңдеп қалды, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министріне бір айдың ішінде ахуалды түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Сәуір айында жағдайды күрт өзгертуіңіз керек. Өйтпеген жағдайда кадрлық шешімдер қабылданады. Ал оған сіз қуана қоясыз деп ойламаймын. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, тұтас Үкіметке қатысты мәселе, — деді мемлекет басшысы.

“Қазіргі жағдайымыз жақсы емес”. Президент коронавирус туралы