Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Украинамен тең түсті

Матч Киевтегі «Олимпийский» стадионында көрермендерсіз өтті.

Алаң иелері матчты ширақ бастады. Ойынның 20-шы минутында Қазақстан футболшыларының қателігінен соң бірден шабуылға ұмтылған украиндар есепті ашты. Әріптесінен пас алған Роман Яремчук қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.

Екінші таймда қос команда шабуылды тоқтатқан жоқ. Осындай шабуылдың бірінде Қазақстан құрамасы таразы басын теңестірді. Қарымта шабуылда Серікжан Мужиков айып алаңынан «тоғыздыққа» допты туралады.

Осыдан кейін алаң қожайындары жеңісті жұлып алу үшін шабуылды күшейтті. Алайда бірде Покатилов шеберлігін танытса, енді бірде қорғаушылар мықтылығын көрсетті.

Футбол, Қазақстан
Фото: Inform.kz

Украина – Қазақстан 1:1 (1:0)

Голдар: Яремчук 20′, Мужиков 62′

Украина: Трубин (Қ), А. Караваев, Кривцов, Матвиенко, Михайличенко, Зинченко (К), Малиновский, Сидорчук, Шапаренко, Мораэс, Яремчук.

Қазақстан: Покатилов (Қ), Досмағамбетов, Марочкин, Малый, Әліп, Валиуллин, Әбікен, Тағыберген, Мужиков, Нұрғалиев (к), Айымбетов;

Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы іріктеудегі алғашқы ұпайын еншіледі. Бірінші матчта өз алаңында Франциядан жеңілген еді. Ал Украина құрамасы үш ойыннан кейін 3 ұпаймен екінші орында келеді.

ДереккөзProsports.kz