Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 31 наурыз — 2 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар, —  делінген ведомстваның хабарламасында.

Алматылықтар «112» құтқару қызметінен қар көшкіні қаупі туралы хабарлама алды.

f5a24871d8901c29a7ba1c2aadc63d2f Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да