Президент Ахметжан Есімовтің атқарған жұмысына риза екенін айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Айта кетейік, 29 наурызда Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қызметінен кетті. Бұл лауазымға Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.