9-класс оқушылары үш емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
- өзге тілдерде оқитын кластарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын кластардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
11-класс оқушылары төрт емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
- Қазақстан тарихынан тестілеу;
- өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.
Еске салайық, бұған дейін оқушылардың төртінші тоқсанда қалай оқитыны хабарланған еді.