Анонс: Алматы Наурыз мейрамына қандай шаралар ұйымдастырады?

Алматы қаласы музейлер бірлестігі қала тұрғындарына көптеген онлайн іс-шаралар ұсынады. Мәселен, 20 наурыз күні Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде 9 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасында «Топжарған» интеллектуалдық байқауы өтеді. 6 турдан тұратын ойында қазақ халқының мәдениеті: музыкалық өнер, дәстүрлі ойындар, салт-дәстүрлер туралы сұрақтар қойылады. Байқау нәтижелері Instagram-дағы ресми аккаунтта ұсынылады.

22 наурыз күні Алматы музейінің (@almatymuseums) Instagram парақшасында «Топжарған» этнографиялық өнер орталығымен бірге қазақтардың «Наурыз тойы-мереке, Салтанат-дәрім-береке» атты қолданбалы өнерінің этнографиялық онлайн-көрмесін көруге болады.

Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінің (@tlendiyev_museum) Инстаграм парақшасында ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші С.Медеуовтың қатысуымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби-мемориал музей кешенінің (@muzey_s.g. m) инстаграм парақшасында Б. Жақып, Қ. Қайранбаев, А. Қайырбеков сияқты белгілі ақындардың қатысуымен «Наурыз-думан» әдеби-сазды кеші қолжетімді болады. Олардың орындауында Наурыз көктем мерекесі туралы өлеңдерді оқылады. Сондай-ақ, осы парақшада Музейлер кешенінің қорынан алынған қазақ әдебиеті классигі Сәбит Мұқановтың Наурыз мерекесі туралы жазған 1925 жылғы 22 наурызда «Еңбекші қазақ» газетінде (№ 303) жарық көрген «Жыл басы» атты архив мақаласымен танысуға болады.

Мемлекеттік қуыршақ театры онлайн режимінде көрермендерге өте қызықты мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ театр актерлерінің құттықтау сөздерін көрсетеді. «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты дөңгелек үстелде Нұр-сұлтан, Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры, Шымкент қалалық қуыршақ театры, Қостанай облыстық қуыршақ театры көрермендер арасында Наурыз тақырыбына жазылған шығу тегін насихаттау, театр репертуарына қосу, халықаралық, республикалық фестивальдерде ұлттық нақыштағы бекеттерді ұсыну мақсатында ұйымдастырылып, барша көрерменге жол тартты.

19-22 наурыз аралығында Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми аккаунттарында ұлттық нақышта безендірілген қуыршақтардың, эскиздердің, декорациялардың онлайн таныстырылымын көруге болады. Сондай-ақ, Наурыз мерекесін өткізудің тарихы, барысы, маңызы мен қажеттілігі, негізгі заңдары мен тәртібі бар балаларға арналған ақпараттық бейнежазбалар қолжетімді болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары «Наурыз туған жаңғыру, той болған бұлдағы» мерекелік қойылымын тамашалай алады, онда ұлттық аспаптардың, би өнерінің, тағамдардың шығу тегі, маңызы мен құндылығы көрсетіледі; қуыршақ пен театр әртістерінің қатысуымен «Әз Наурыз-Жаңару мен жаңғыру бастауы» онлайн мастер – классы; 7-12 жас аралығындағы оқушылар арасында онлайн форматта «Ата салтын ардақтайық» шығармалар конкурсы; «Алатау» ДӨТ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Тарих қындағы Наурыз» мерекелік онлайн-спектаклін көре алады

Қазақ мемлекеттік циркі қала тұрғындарына күрделі трюктер мен фестиваль нөмірлерінен тұратын цирк әртістерінің мерекелік бағдарламасын ұсынады. «Номад» атты-акробатикалық тобының шеберлік сабақтарында қазақ халқының «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Түйме алу» және тағы басқа ұлттық ойындары көрсетіледі. Аталған іс-шараларды Қазақ мемлекеттік циркінің әлеуметтік желілерінен көруге болады.

Мемлекеттік архивтің әлеуметтік желілерінің беттерінде Наурыз мерекесіне қатысты өте қызықты мұрағаттық құжаттар жарияланатын болады. Алматы мемлекеттік архивінің қор құрушысы М.Мырзахметұлының «Қазыналы Оңтүстік» жинағының негізінде дайындалған «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты материалда Наурыз мейрамы туралы тарихи деректер ұсынылған.

«Наурыз тойы — мереке» фотоқұжаттық онлайн көрмесінде Алматыдағы Наурыз мерекесін тойлау туралы мұрағат қорындағы құжаттар және «Наурыз шеруі» фотосуреттері ұсынылған. Ал «Наурыз – құт-береке бастауы» көрмесі Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатындағы Наурыз мерекесінің фотосуреттер топтамасынан тұрады. «Қазақтың ұлттық тағамдары» көрмесінде қазақ халқының барлық ұлттық тағамдары туралы деректерді көруге болады.

22 наурызда «Наурыз думан» деректі фильмі жарық көреді, онда 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Наурыз мерекесінің хроникасы көрсетіледі.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры қала тұрғындарына түрлі қызықты бейнероликтер ұсынады. Атап айтсақ, танымал әртістердің қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтауы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін басқа ұлт өкілдерінің көрсету барысынан бейне үзінділер. «Наурыз көже» мерекелік онлайн бағдарламасында жеті маман өкілдері (дәрігер, мұғалім, инженер, спортшы, кәсіпкер, құқық қорғау саласы мен мәдениет саласының өкілдері) кездесіп, дәстүрлі тағам – Наурыз көжені дайын қана қоймай, ол туралы қызықты тарихи фактілерді де айтып береді.

22 наурызда театрдың Instagram парақшасының (@alatau.theater) тікелей эфирінде Наурыз мерекесіне арналған салт-дәстүр элементтерінен құралған концерттік бағдарламаны тамашалауға болады.

20 наурыз күні Алматы әуендерінің ресми Youtube арнасында көрермендерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Наурыз-думан» атты мерекелік онлайн концерті ұсынылады.

21 наурыз күні Алматы әуендері мекемесінің әлеуметтік желі беттерінде (Instagram — @dvorec_respubliki, Фейсбук — almatyayenderi.kz) М.Омаров, Қ.Сүлейменов, А.Бегей, Ғ.Рысбай, Б.Тайлақбаев, Б.Нұрымхожин, А.Тарғын, Д.Байбори, М.Базарбаев, О.Алтаев, М.Шахзодаев, Т.Әшімбеков, Д.Сейтжанов, Г.Шекербаев, Е.Айдар сияқты танымал эстрада әртістерінің қатысуымен онлайн концерт өтеді.

22 наурыз күні Алматы әуендері (Almaty ayenderi) Youtube арнасында «Қош келдің – Наурыз!» атты «Жаңа ғасыр» театрының қойылымын көре аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамына орай қандай мәдени шаралар өтетіні хабарланған еді.