«Алтын бауырым». Димаш Құдайберген Imanbek туралы

Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында Иманбек халқымыздың мәртебесін көтеріп тастағанын жазды.

Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса сендей-ақ болсын!Шаршама,талма,самға! Жарайсың!, — деп жазды Instagram-парақшасында.

Димаш Құдайбергеннің постына шетелдегі Dears-тары пікір жазып, Қазақстанды құттықтап жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, павлодарлық Иманбек Зейкенов 63-рет өткен Grammy музыка сыйлығын жеңіп алды. Оның америкалық рэпер Saint Jhn-ның “Roses” композициясына жасаған ремиксі үздік деп танылды.