Басты бетҚоғамПрезидент жарлығымен...

Президент жарлығымен Түркістан облысында жаңа аудан құрылды

Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлығын Akorda.kz жариялады.

Жаңа ауданға Кентау қаласының құрамынан шығарылған Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауыл округтері қарайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға есеп беру кездесуінде жаңа аудан құру туралы заң талаптарына сай тиісті құжаттар рәсімделіп жатқанын айтқан еді.