Бұл туралы Usher өзінің жеке парақшасында жариялады. «Көптік етпейді. @marshmellomusic және @imanbekmusic-пен бірлесе әзірленген #TooMuch жарық көрді. Видео ертең. Сілтеме биода» деп жазады әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

There’s no such thing as too much. #TooMuch with @marshmellomusic and @imanbekmusic is out now. Video tomorrow. Link in bio.

Публикация от Usher (@usher)

Иманбек Зейкеновтың өзі бұл коллаборация туралы әзірге тарқатып ештеңе айта алмайтынын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, тректің видеосы жақын арада жарық көруге тиіс.

Usher ұсынған кей платформада «Too Much» трегін қазақстандық қолданушылар тыңдай алмайтын болып шықты. Алайда релиздің өзі Youtube хостингіне жүктелген екен.

Imanbek лақап атымен белгілі ақсулық (Павлодар облысы) Иманбек Зейкенов 2019 жылы Saint Jhn орындауындағы «Roses» әнінің ремиксімен бүкіл әлемге танымал болған еді. Бұл ремикс дүниежүзі бойынша көптеген чартқа енді, ал Shazam әлемдік тізімінде 3-орын алды.

Imanbek — бұдан бөлек «Take Me» (O’Neill-мен бірге), «Hot» (Parah Dice-пен бірге), «Dope» секілді түрлі релиздің авторы.