Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтты

Қаза болғандардың есімдері мен олардың отбасына көңіл айту хабарламасы ҰҚК сайтында жарияланды.

Әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған авиация қызметі әскери қызметшілері майор Ғабит Барлықбаевтың, капитан Досжан Баймұратовтың, лейтенант Мұхтар Сағымбаевтың, сержант Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, — делінген хабарламада.

Авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған.

Авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған.

Авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған.

Авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар болғанын айтты.

Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз, — делінген қайғылы хабарламада.

Еске салайық, кеше, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, Алматы әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болғанда апатқа ұшыраған.

Борттағы төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлердің хабарлауынша жағдайлары өте ауыр.