11 наурызда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жобасы басталды. Шараға фристайлдан әлем чемпионаты аясында могул және шаңғы акробатикасы және фристайлдан әлем кубогының ақтық кезеңі аясында параллель могул және шаңғы акробатикасы түрлері бойынша өтті.

Бірінші шарада жас қонақтарға «Шымбұлақ» ТК біліктілігі жоғары нұсқаушылары мастер-класс өткізді. Нұсқаушылар балалармен тегін ашық жаттығулар жасады. Қайырымдылық жобаға 30 астам бала қатысты.

Шымбұлақ, балалар спорты

Бүгін жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар келді. Көбінің Шымбұлаққа келуге мүмкіндігі жоқ, олар шаңғыны бұрын-соңды көрмеген. Балаларға бұл үлкен жаңалық болды. Өзім де екі баланың анасы ретінде қуанып тұрмын және біздің Алматыда осындай ерекше жоба бар болғаны үшін мақтанамын. Барлық ұйымдастырушыға балалардың тау шаңғысында сырғанап үйренгені үшін, осы жабдықтарды ұсынғаны үшін алғысымды айтамын. Осындай таза табиғат аясында балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту керемет емес пе?! Барлығыңызға үлкен рақмет! — деді екі баланың анасы Ирина Маслова.

Бұл іс-шара әлем чемпионатының және ӘКК әлеуметтік серіктесі — Samruk-KazynaTrust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық танытқан әлеуметтік акциялар тізбесінің бастамасы болды. Бұл бастамаға ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы және «Шымбұлақ» ТК қолдау көрсетті.

Біз Samruk-KazynaTrust қорының қолдауымен бірнеше әлеуметтік жобаны өткізбекпіз. Сонымен бірге Медеу-Шымбұлақ гондол жолымен тегін жүру және халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын адамдар үшін тегін топтық нұсқамалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін тау шаңғылары мен сноубордтарда бейімделген сырғанауды ұйымдастырамыз, — деп ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев жоспарын бөлісті.

Асқар Валиев Алматының коммерциялық емес ұйымдарын, соның ішінде ерекше балалармен жұмыс істейтін ұйымдарды серіктестік құруға шақырды.

Шымбұлақ, балалар спорты

Осы жобалар Қазақстандағы бейімделген спортты дамытуға жаңа із салмақ. Біздің Қор біршама уақыттан бері бейімделген дене шынықтару саласында жұмыс істеп келеді. Серіктестермен бірлесе отырып, білім беру саласында БДШ бойынша әдістемелік құралдары әзірлеу және енгізуді қолға алдық.  Қазақстанның барлық жерінде ерекше балалар үшін секциялар аштық. Сондықтан мүмкіндікті пайдалана отырып, Әлем чемпионаты аясында жаттығулар өткізуге бастамашылық таныттық, бұл бейімделген спортты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз, — деді Samruk-KazynaTrust қорының ресми өкілі — Корпоративті қызметтің бастығы Мирас Іргебаев.

Іс-шаралардың мақсаты – балалар мен ересектерді шаңғы спорт түрлеріне баулу, сонымен қатар ерекше балалар арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға қоғам назарын аударту.

Шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтеді.