Басты бетҚоғамЖандарбек Бекшин...

Жандарбек Бекшин Алматыда карантинді күшейту туралы қаулы шығарды

Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.

Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сонымен бірге отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Наурызды және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматыға кіруі (қозғалысын) тоқтатылады;

Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютер клубтары (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекер кеңселері, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;

Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі;

Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;

Коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сонымен бірге үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Айта кетейік, Алматыда кейінгі тәулікте 160 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, бүгін астана мен Алматы коронавирус бойынша қызыл аймаққа қайта өтті.

ДереккөзTengrinews.kz