4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына — 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен — 2 458, анықтамасыз — 230;
- Нұр-Сұлтан әуежайына — 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен — 1 229; анықтамасыз — 86;
- Ақтау әуежайына — 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;
- Шымкент әуежайына — 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, олар қазір карантин стационарларында нәтижелерін күтіп жатыр.
Сонымен қатар, 4 наурызында анықтамасыз келген 513 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша, Дубай — Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.