Мазмұнға өту
Басты бет / Instagram /

Ескі сурет: 100 жыл бұрынғы қазақ әйелдерінің келбеті

19 жастағы қыз. 1876 жыл. Фото: Козловский В Ф
Фото: Дудин Самуил Мартынович

Фото 1899 жылы сол кездегі Семей облысында түсірілген. Басына әшекей таққан қыз бала фотограф алдында отыр.

Кішкентай қыздардың шаш үлгісі. Бірінші фото Жетісу маңында, екіншісі Семей өңірінде түсірілген.

Шелек ұстап бара жатқан қыз. Фото XX ғасырда түсірілген.

Жинаған: Мелков Александр Лаврентьевич

Өзбекстан қазақтары. Қыздар ұлттық киім киіп отыр. 
Ақын Жамбыл Жабайдың немересі Зейнекан. Фото авторы белгісіз, қайда түсірілгені де жазылмаған.

Ұлттық киім киген жасөспірім қазақ қыздардың фотосы. 1929 жылы Өзбекстанның Қарақалпақ автономиясында түсірілген.

Кекілді қыз. Ұлттық шаш үлгісімен отыр. Фото сол кездегі Саумалкөл көлі маңында түсірілген.

Киіз үй маңындағы жасөспірім қыздар. Екі фото да Семей өңірінде түсірілген.

Фото: Дудин Самуил Мартынович
Фото: Дудин Самуил Мартынович

Кедей қалыңдық.

Фото: Дудин Самуил Мартынович

Ұлттық киім киген әйелдер. Оң жақтағы әйел күйеуге шыққан алғашқы жылдағы киім үлгісімен тұр.

Жинаған: Мелков Александр Лаврентьевич

Кедей отбасынан шыққан әйелдер. Фото XX ғасыр басында түсірілген.

Бай әйелдер жолда киетін костюмдерімен тұр.

Фото: Ермолин Николай Александрович

Ауқатты әйелдің портреті. Фото XX ғасыр басында түсірілген.

Фото: Дудин Самуил Мартынович

Күйеуге шыққан келіншек.

Бесік тербетіп және бала емізіп отырған әйелдер. Қазақ әйел тұңғышы дүниеге келе сала басына екі бөліктен тұратын орамал тағып, оны қартайғанша шешпеген. Оның безерленуі, түрі әйелдің жасы мен тұрып жатқан аймағына байланысты әртүрлі болған. Негізі екі бөліктен тұрған: басқа киетін төменгі бөлігі «кимешек», оның төбесіне оралатын жоғарғы бөлігі «жаулық» деп аталады. Екеуін де тек ақ матадан тіккен.Автомобиль руліндегі отырған әйел. Фото Қарағанды облысында түсірілген.

Фото: Дудин Самуил Мартынович

Ұлттық киім киген жесір әйелдің портреті. Саусағындағы жүзігін әлі шешпеген.

Фото: Зейдлиц Николай Карлович

Билер әйелдерінің фотосы. XIX ғасырдың екінші жартысында Ақтауда түсірілген.

Жинаған: Мелков Александр Лаврентьевич

Ұршық иіріп отырған әйел.

Фото: Воронина-Уткина Антонина Александровна

Егде жастағы әйелдің суреті. Фото XX ғасырдың басында Семей өңірінде түсірілген.

51 жастағы әйел 14 жастағы қызымен отыр.

Тағы оқыңыз:

Қазақ әйелдері 100 жыл бұрын таққан ерекше әшекейлер

Exit mobile version