Елімізде алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМҚ мамандарының болжамынша, арктикалық антициклон республиканың басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне ықпал етеді. Ал батыс өңірлерде атлантикалық циклонның әсерімен ауа температурасы көтеріледі.

Қазақстанның кей жерінде қар жауады, алдымен шығыс пен оңтүстік-шығыста, кейін 27 ақпанда оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында 23-25 ақпан күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасын болатынын хабарлаған едік.