Жаңа дерек Алматыда (111) көп тіркелді. Қалған өңірлерде жаңадан тіркелген дерек саны жүзге жетпейді. Ал Маңғыстау облысында кейінгі тәуліктер бірде-бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталмады!
Нұр-Сұлтанда – 24 536(+60);
Алматыда – 24 470(+111);
Шығыс Қазақстан облысында – 21 692(+82);
Павлодар облысында – 17 128(+93);
Атырау облысында – 16 967(+28);
Қарағанды облысында – 15 133(+35);
Ақмола облысында – 13 242(+65);
Батыс Қазақстан облысында – 12 622(+45);
Солтүстік Қазақстан облысында – 12 138(+40);
Қостанай облысында – 11 985+(67);
Алматы облысында – 10 512(+36);
Шымкентте – 6 078(+6);
Жамбыл облысында – 5 865(+10);
Түркістан облысында – 4 252(+5);
Маңғыстау облысында – 4 202(+0);
Ақтөбе облысында – 4 191(+0);
Қызылорда облысында – 3 796(+9).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 208 809-ға жетті, оның 192 773-і жазылып шықты. 2 707 науқас қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
21 ақпандағы мәлімет бойынша 8 дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. 202 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 991 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған. 40 967 адам аурудан айықты, 613 науқас қайтыс болды.