Коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам қайтыс болды

Жаңа дерек Нұр-Сұлтан (136) мен Алматыда (103), Павлодар облысында (103) көп тіркелді. Түркістан облысында кейінгі тәулікте 2 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 24 224(+136);
Алматыда — 24 044(+103);
Шығыс Қазақстан облысында — 21 453(+61);
Атырау облысында — 16 848(+39);
Павлодар облысында — 16 728(+103);
Қарағанды облысында — 14 960(+57);
Ақмола облысында — 12 946(+86);
Батыс Қазақстан облысында — 12 412(+83);
Солтүстік Қазақстан облысында — 11 993(+39);
Қостанай облысында — 11 714(+69);
Алматы облысында — 10 334(+57);
Шымкентте — 6 040(+10);
Жамбыл облысында — 5 807(+14);
Түркістан облысында — 4 233(+2);
Маңғыстау облысында — 4 179(+5);
Ақтөбе облысында — 4 151(+20);
Қызылорда облысында — 3 759(+17).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 205 825-ке жетті. Оның 189 750-і жазылды, 2 683 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

17 ақпандағы мәлімет бойынша 60 дерек тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 228 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны — 48 887, қайтыс болғандар — 605, жазылып шыққандар — 40 101.