Александр Лукашенко ұлықтау рәсімінің не себепті жасырын өткенін айтты

Бір күн бұрын комитет төрағасы келді. Үстелге құжат қойып, депутаттарға қарсы арандату ұйымдастырылып жатқанын айтты. Олар ұлықтау рәсімі болатынын және депутаттар автобуста болатынын білді. Терезені сындырып, автобусқа Молотов коктейлін тастағысы келді, — деді Александр Лукашенко жұмада Минскіде студенттермен кездесу кезінде. Президенттің айтқанын оның баспасөз қызметіне жақын «Пул Первого» Тelegram-каналы жазды.

«Ұлықтау рәсімі туралы ешкім айтпас еді. Барлығы сол жерде депутаттарды өртеді деп айтатын еді. Сонда менің не істеуім керек еді?! Қолымнан келгенін ғана істедім», — деді толықтырды Александр Лукашенко.

Айта кетейік, Белта мемлекеттік агенттігі күтпеген жерден 23 қыркүйекте алдын-ала хабарландырусыз Лукашенконың Беларусь президенті қызметіне кіріскенін, ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өткенін хабарлады. Ұлықтау рәсімінің телетрансляциясы да жүргізілген жоқ.
2020 жылдың 9 тамызында Белорусте өткен президент сайлауынан кейін, ОСК мәліметтері бойынша 80,1 пайыз дауыс жинаған Александр Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Сайлау нәтижесі белгілі болғаннан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер мен оппозицияның наразылық акциялары басталды.