Басты бетTwitter Қытай...

Twitter Қытай елшілігінің парақшасын ұйғырлар туралы жазбасынан кейін бұғаттады

Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің ұйғырлар туралы жазбасынан кейін ресми парақшасын бұғаттады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлімдеді.

Ұйғыр әйелдері енді «бала туу бойынша машина емес» делінген жазба 7 қаңтарда жарияланған, алайда Twitter жазбаны бір тәуліктен кейін «Бұл твитті оқу мүмкін емес» деп өшіріп тастаған.

Агенттік мәліетінше, Twitter аккаунтты қайтару үшін парақша иесінен мұндай жазбаларды өзі өшіруін сұраған.

Біз бұл твитте адамгершілікке қарсы саясатымызды бұзғаны үшін осы әрекетті жасадық, — дейді Twitter өкілі.