Басты бетҚоғамҚытай билігі BBC телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды Қытай билігі BBC телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды Авторы: Бәрі бар Жарияланды: 12.02.2021 Фото: Inform.kz Арнада көрсетілген жаңалықтар тиіс ережеде талап етілгендей «шыншыл және адал» болмаған. Сонымен қатар агенттік телеарна жаңалықтары Қытайдың ұлттық мүддесіне және ел бірлігіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді. Мемлекеттік радио және телевизия басқармасы BBC World News-ке Қытайда хабар таратуға рұқсат бермейді. Биыл хабар таратуға өтінімдер қабылданбайды, — делінген хабарламада. BBC World News корпорациясы бұл шешімнің дұрыс емес екенін айтты. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб телеарнаға тыйым салу туралы шешімді «сөз бостандығын шектеу» деп атады. Қытайда әлемдегі БАҚ пен интернет бостандығына қатаң шектеулер бар және бұл қадам Қытайдың бүкіл әлемдегі беделіне нұқсан келтіреді, — деп жазды Рааб Twitter-парақшасында. Шешім Қытайдағы ұйғыр халқын кемсіту туралы BBC репортаждары, сондай-ақ коронавирус туралы туралы материалдар шыққаннан кейін қабылданды. Бұған дейін Ұлыбританияда Қытай Коммунистік партиясының бақылауында болған қытайлық China Global Television Network (CGTN) телеарнасынан лицензия қайтарып алынған. Осыдан кейін Қытай дипломаттары ВВС жаңалықтарының мазмұнына шағымдана бастады. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі CGTN-ді ұлыбританиялық лицензиядан айыру туралы түсініктеме берген жоқ. Бірақ, кейінірек BBC телеарнасын Қытайдағы коронавирус туралы хабарлама үшін сынға алып, оны «әдеттегі жалған жаңалық» деп атады. BBC World NewsДоминик РаабҚытай WhatsAppFacebookTelegramTwitter ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗТағы да Алматының бірнеше ауданында 2 күн суық су болмайды 26.08.2025 Президент Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады 26.08.2025 Қарағандыда 1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған 26.08.2025 Батыс Қазақстанда күйеуіне киллер жалдаған әйел сотталды 26.08.2025 Қазақстан жылу беру маусымына дайын ба? 26.08.2025