B1525 деп аталатын коронавирустың тағы бір штамы Ұлыбританияда және басқа тоғыз елде анықталды. Бұл туралы Эдинбург университетінің зерттеушілеріне сілтеме жасаған Guardian басылымы жазады.
Ұлыбританияда бұл вирусты жұқтырған кем дегенде 32 жағдай, Данияда 35, Нигерияда 12 жағдай анықталды. АҚШ-та 7 адам және Францияда бес адам ауырған, сондай-ақ Гана, Аустралия, Канада, Иордания, Испанияда жұқтырғандар саны бестен төмен.
Guardian мәліметінше, вирустың жаңа нұсқасында «ықтимал мутация жиынтығы» бар.
Зерттеушілер «Бразилия» және «Оңтүстік Африка» нұсқаларында кездесетін, вирусты антиденелерге төзімді ететін Е484К ақуызындағы мутацияға алаңдайды.