Қазақстанда наурыздан бастап әскери қызметшілер коронавирусқа қарсы вакцина салдырады.
Қазіргі уақытта екпеге дайындық жүріп жатыр, вакцинация 2021 жылы наурыз айында басталады. Жеке құрамның басым санаттары айқындалып, вакцинаны алу кезегі жоспарланды, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда жауынгерлік даярлық іс-шаралары қысқармайтынын айтты.
Ведомство басшысы осыған байланысты коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шараларын жетілдіруді тапсырды.