Ауаны ластайтын автокөліктерге айыппұл көбейеді

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334-бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 АЕК, заңды тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ережебұзушылық бір жыл ішінде қайталанса — жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады, — деді министрлік өкілдері.