Polisia.kz-тің хабарлауынша, полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органы қызметкерінің киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.
Сюжет бойынша полиция қызметкерінің киімін киген жас жігіт өзімен бірге TikTok билеуге шақырады.
Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушыны анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.